Жәрмеңкеге Бәйтерек, Жаңақала, Теректі, Казталов аудандарының, Орал қаласы және қайта өңдеу кәсіпорындарымен барлығы 96 тауарөндірушілер қатысты. 


Жәрмеңкеде барлығы 3 бас жылқы еті, 13 бас сиыр еті, 32400 дана жұмыртқа, 7,2 тонна картоп, 0,6 тонна қырыққабат, 0,9 тонна сәбіз, 0,8 тонна пияз, 1,8 тонна балық, сондай-ақ шұжық, сүт өнімдері жеміс-жидектер барлығы жалпы 3,1 млн. тенгеге сатылды. 


Айта кету керек, тауарөндірушілерге сауда орындары тегін берілді. 


Жәрмеңкеде бағалар нарықтағы бағадан 15-20% төмен болды.