Ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары жаңа әліпбимен диктант жазды

 

Басқарма қызметкерлері Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының 2 жылдығына орай жалпыхалықтық диктант жазуға қатысты.

 

Шараның басты мақсаты – латын негізді қазақ тілі әліпбиінің «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері» жобасының практикалық тұрғыда меңгерілуін жан-жақты қамту болып табылады.

 

Диктант мәтіні Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласынан алынған.  Шара соңында қызметкерлер өз өздерін тексеру жұмыстарын жүргізіп,  латын тілінде жазу дағдыларын жетілдірді.