Өңірімізге жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Роман Ким ауылшаруашылығы саласы мамандары,шаруашылық иелері және ардагерлермен жүздесіп, ауыл шаруашылығының өзекті мәселелерімен танысты.

 

Жиында алдымен ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Умашев сөз алып өткен жылғы ауылшаруашылығы саласының көрсеткішін таныстырды.

 

«Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» облыста сәтті жүзеге асуда. Бағдарлама аясында былтыр ауылшаруашылығын қолдау мақсатында 13 млрд. теңге қаражат қарастырылғанын, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ арқылы ауылшаруашылығын дамытуға 11 млрд.дан аса кредиттік ресурстар бергенін атап өтті.

 

Өз кезегінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Роман Ким облыстық ауылшаруашылығы басқармасына бұдан бұрын да талай мәрте келіп, сала мамандарының мәселелеріне құлақ түріп жүргенін тілге тиек етті. – Ауылшаруашылығы саласында күрделі мәселелер көп екенін білемін. Мені, әсіресе ауылдық жерлерде орын алып жатқан мәселелер ойландырады. Осы орайда сіздердің сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңыз маңызды. Ағымдағы жылы ауылшаруашылығы өнімдерінің алқабын ұлғайту, мал басын көбейту бойынша жоспарларыңыз көңілімнен шықты.Жиын соңында депутат Роман Ухенұлы бұл күні көтерілген мәселелерді құзырлы органдардың құлағына жеткізетінін айтып, уәде етті.