Бүгін Хадиша Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында «Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні» мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті. Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің төл мерекесіне арналған салтанатты шараға еңбек озаттары, ардагерлер мен түрлі кәсіпорын басшылары қатысты.

 

Іс-шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Игорь Стексов қатысып, агроөнеркәсіп кешенінің қызметкерлері және осы салаға зор еңбек сіңірген ардагерлерін ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні мерекесімен шын жүректен құттықтады!

 

Атаулы мерекеде бірқатар сала қызметкерлері марапатталды.Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен «Талап» шаруа қожалығының басшысы И.Дауленов, «Бақыт» шаруа қожалығының басшысы Б.Суйіншкалиева, «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен «Қарағанды» шаруа қожалығының басшысы Е. Атқаев «Қоржын» шаруа қожалығының басшысы Құсайын Мұқанов, «Хайруллин Н.К» шаруа қожалығының басшысы Нұрлыбек Хайруллин марапатталды.

 

Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының 2 дәрежелі «Еңбек Данқы» белгісін орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Акмарал Уразғалиева иеленді." Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Құрмет" грамотосымен «Ирғалиев» шаруа қожалығының басшысы Жағабай Ирғалиев, Бөкей ордасы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сүйінбек Хайруллин,«Құрмет» шаруа қожалығының басшысы Бірімжан Ақдонов, «Мұрагер» шаруа қожалығының басшысы Біржан Айғалиев,«Армат» шаруа қожалығының басшысы Асқар Мальтиев,«Әсемнұр» шару қожалығының басшысы Жұбаныш Тұрғалиев, «Мадиев» шаруа қожалығының басшысы Сәлімбай Мәдиев, Казталов аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Қайрат Салауатов, Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Жасулан Халиуллин марапатталды. Батыс Қазақстан облысы әкімінің алғыс хатымен «Үздік бақташы», «Үздік Шопан», «Үздік жылқышы» номинацияларымен Бақытқали Дошев, Анарбек Жайлаубаев, Аман Имашевтар марапатталды.  Сонымен қатар бірнеше шаруашылық иелері марапатталды.

 

Мерекелік іс-шара соңы театр әншілерінің концерттік бағдарламасымен жалғасты.

 

Ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі