2018 жылдың 15 қарашасында Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы аймақаралық ынтымақтастық 1 форумы өтті.

 

Форумның мақсаты екі елдің өңірлері арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты тереңдету болып табылады. Форум аясында Қазақстан мен Өзбекстанның өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Батыс Қазақстан облысынан «Кублей» және «Белес-Агро»   кәсіпорындары өз өнімдерін ұсынды.

 

Көрме жұмысымен танысуға Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин және Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Ачилбай Раматов қатысты.

 

Форум соңында екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша меморандумға қол қойылды.

 

Форумға Батыс Қазақстан облысынан барған ауыл шаруашылығы мамандары мен шаруашылық иелері Сайрам ауданында орналасқан сыйымдылығы 10000 бас малға арналған жаңа мал базары, мал бордақылау алаңдары, сондай-ақ мал сою пунктімен танысып тәжірибе алмасып келді.

 

Ауыл шаруашылығы басқармасы