2018 жылы Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасымен 22 бюджеттік бағдарлама жүзеге асырылады, соның бірі – «Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау» бюджеттік бағдарламасы.

 

Бағдарламаның нысаналы мақсаты негізгі құралдарды сатып алу, құрылыс, айналым қаражаттарын толықтыру, ауыл шаруашылығы жануарларын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит/лизинг болып табылады.

 

Сонымен бірге жаңа қабылданған Ережеге сәйкес, өтінім Ауыл шаруашылығы басқармасына берілгенге дейін 4 (төрт) жылдан ерте емес жасалған қолданыстағы қарыз шарттары субсидиялауға жатады.

 

««Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 50 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 1 маусымдағы №233 бұйрығы қабылданды.

 

Ережеге сәйкес, сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау талаптары:

  1. Субсидиялау жылдық 17%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесімен несие шарттары бойынша жасалады, олардың бір бөлігін мемлекет субсидиялайды, ал қалған бөлігін қарыз алушы төлейді.
  2. Субсидиялар көлемі – 10% - ауыл шаруашылығы техникасын, ауыл шаруашылығы жануарларының жабдықтарын, негізгі құралдарды сатып алуға (қарыз алушы үшін сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігі – кем дегенде жылдық 4 %), 5% - айналым қаражатын толықтыруға (қарыз алушы үшін сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігі - кем дегенде жылдық 7%).
  3. Комиссия мақұлдаған қарыз шарты бойынша субсидияларды есептеу өтінім мақұлданған күннен бастап қарыз шартының қолданылу мерзімінің соңына дейін жүзеге асырылады.
  4. Субсидиялауға арналған өтінім берілгенге дейін 4 (төрт) жылдан ерте емес жасалған қолданыстағы қарыз шарттары субсидиялауға жатады.
  5. Жаңа, бұрын пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдық субсидиялауға жатады. Қайтарымды лизинг, сублизинг шарттары бойынша субсидиялау жүзеге асырылмайды.
  6. Сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік және/немесе бюджеттік бағдарламалары бойынша субсидияланбауы тиіс.
  7. Қарыздың/лизингтің қаржыландыру көзі Бюджеттің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты болмауы тиіс.
  8. Жұмыс органына өтінім берілген күнге негізгі борышты және сыйақыны өтеу бойынша орындалмаған міндеттемелері болмау керек.

 

Субсидиялауды жүзеге асыру үшін қаржы институты немесе қарыз алушы жұмыс органына беру үшін Мемлекеттік корпорацияға мынадай құжаттарды береді:

 

1) өтінім;

 

2) негізгі борыш пен сыйақыны өтеу кестесі қоса берілген, қаржы институты мен қарыз алушы арасында жасалған қарыз шартының қаржы институты растаған көшірмесі;

 

3) сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын немесе субсидияланбайтын бөліктерінің есептемелерімен жаңартылған өтеу кестесінің жобасы (мөлшерлеменің субсидияланатын немесе субсидияланбайтын бөліктерінің есептемелерімен бірге редакцияланатын электрондық форматта жұмыс органына жолданады);

 

4) кредит алғаны туралы қарыз алушының несиелік шотынан үзінді-көшірме (екінші деңгейдегі банктер үшін) немесе қарыздың аударылғанын/лизинг мәнін бергендігін растайтын құжат;

 

5) қарыз алушының субсидиялау бағдарламасына қатысуына қаржы институтының келісім хаты (қарыз алушы өз бетінше өтінім берген кезде).

 

Бағдарламаға қатысуға ниетті барлық қарыз алушылар өздері несиелік шарттар жасасқан қаржы институттарына жүгініп, өтініштер табыс етуі тиіс.

 

Субсидияларды беру шарттары, ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар, өтініштерді қабылдау және шешімдерді шығару тәртібін Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасынан (БҚО, Орал қаласы, Қ.Аманжолов көшесі 75 үй мекен-жайы бойынша немесе 51-18-20 телефоны арқылы) алуға болады.

 

Айгерім Аскарова

Ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы