Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 25 қыркүйегіндегі №229 қаулысына сәйкес  «Мейірбандық күндері» облыстық қайырымдылық айлығын өткізу жарияланды.

 

Осыған байланысты сауабы мол іске белсене ат салысу әрбір адамның парызы деп санайтын облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкерлері мен ауыл шаруашылығының тауарын өндірушілері қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

 

Қазан айының соңғы күнінде облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен арнайы топ  «Көшім арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына» барып,   қамқорланушылардың тұрмыс тіршілігімен танысып, 63 мүмкіндігі шектеулі жандарды  тәрбиелеп отырған орталыққа ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің жаз бойына еңбектеніп өсірген сапалы азық-түліктерін жеткізді. Бұл шараға «Казкон» кондитерлік кәсіпорны тәтті тағамдарын ұсынса,  тағы басқа шаруашылықтар өз үлестерін қосты.

 

 

Ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі