2018 жылдың 29 қыркүйегі күні Батыс Қазақстан облысында жалпы қалалық сенбілік өтті. Сенбілікке ауыл шаруашылығының қызметкерлері де белсене қатысты. Сағат таңғы тоғыздан бастап, белгіленген орындарға жиналып, тазалық жұмыстарына кірісіп те кетті. Ауыл шаруашылық басқармасының қызметкерлері белгіленген орындарды тазалап, қалпына келтіруге бар күштерін салып, жұмыстың үлкен көлемін орындады. Іргелес аумақтардан басқа, қызметкерлер саябақтар мен алаңдарды тазалауға қатысты. Барлық қоқыстар қоқыс қаптарына салынып, сол күні коммуналдық қызметкерлермен шығарылды. 

 

Ауыл шаруашылығы басқармасы