Жәрмеңкеге Ақжайық, Зеленов, Қаратөбе, Теректі аудандарының сондай-ақ қала маңының ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері, қайта өңдеу кәсіпорындары және ірі көтерме тауар жеткізушілері қатысты.


Жәрмеңкеде барлығы 17 бас ірі қара еті, 10 бас жылқы еті, 20 бас қой еті, 32 тонна картоп, 25 тонна пияз, 1 тонна сәбіз, 0,5 тонна қияр, 0,6 тонна қызанақ, 7 тонна қарбыз, 3,5 тонна қауын және 18 мың дана жұмыртқа сатылды.

 

Ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі