Батыс Қазақстан облысында 2018 жылдың 1 шілдесіне 219 ауыл шаруашылығы кооперативі тіркеліп, оның ішінде тұқымдық түрлендіру және мал бордақылаумен айналысатын - 165, мал бордақылаумен айналысатын – 36, сүтті бағытта - 7, өсімдік шаруашылығы бағытында - 11.

 

2018 жылдың І жартыжылдығында облыс бойынша 7 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды, соның ішінде тұқымдық түрлендіруге қатысатыны – 4, тұқымдық түрлендіру және мал бордақылаумен айналысатын - 1, өсімдік шаруашылығы бағытында – 2.

 

Мал сою пункттерін құру бойынша Шыңғырлау ауданында «Шыңғырлау-Агро» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі ауысымына 10 бас ірі қара малын соятын модульді мал сою пункті іске қосылды.

 

Сонымен қоса, Сырым ауданы, Жымпиты ауылында қуаттылығы ауысымына 10 бас ірі қара малын соятын «Атамекен-Сырым» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің модульді мал сою пункті іске қосылып, 1,5 тонналық рефрижератор сатылып алынды.

 

2018 жылдың басынан бері мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығы кооперативтеріне 84,9 млн. теңге субсидия төленді. Соның ішінде асыл тұқымды мал сатып алғаны үшін 79,3 млн. теңге, бұқашықтарды етке өткізгені үшін 4,9 млн. теңге, сүт өндіріп өңдеуші кәсіпорынға өткізгені үшін 802,4 мың теңге және инвестициялық салымдар кезінде шығындарды ішінара өтеу бойынша 6,2 млн. теңге қолдау қаржы берілді.

 

Ауыл шаруашылығы кооперациясы бөлімі