2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап аталған Президенттік жастар кадр резервіне өтінімдерді қабылдау басталғанын және құжаттарды қабылдау үшін автоматтандырылған онлай-платформа pkrezerv.kz іске қосылды. 

Президенттік жас тар кадр резервінің іріктеуіне қатысты мәліметтермен толық танысу және тіркелу  үшін үміткерлерге бар болғаны  pkrezerv.kz сайтына тіркелу қажет.

Бүгін 12 қазан күні "Весы" сауда үйінде ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.


Тауарөндірушілерге сауда орындары тегін берілді.
Жәрмеңкеге Бәйтерек, Бөкей Орда, Теректі, Казталовка аудандарының, Орал қаласы және қайта өңдеу кәсіпорындарымен барлығы 60-қа жуық тауарөндірушілер қатысты.
Жәрмеңкеде барлығы 2 бас жылқы еті, 7 бас сиыр еті, 1 бас қой еті, 7200 дана жұмыртқа, 15 тонна картоп, 0,1 тонна қияр, 0,3 тонна қызанақ, 0,5 тонна қырыққабат, 0,8 тонна сәбіз, 12 тонна пияз, 0,2 тонна бұрыш, 0,4 тонна балық, сондай-ақ шұжық, жеміс-жидектер сатылды.
Жәрмеңкеде бағалар нарықтағы бағадан 10-15% төмен болды.