2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап аталған Президенттік жастар кадр резервіне өтінімдерді қабылдау басталғанын және құжаттарды қабылдау үшін автоматтандырылған онлай-платформа pkrezerv.kz іске қосылды. 

Президенттік жас тар кадр резервінің іріктеуіне қатысты мәліметтермен толық танысу және тіркелу  үшін үміткерлерге бар болғаны  pkrezerv.kz сайтына тіркелу қажет.

Бүгін ауыл шаруашылығы басқармасының ғимаратында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтауға және нығайтуға бағытталған «Адалдық сағаты» өткізілді.

Шарада облыс әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия мүшесі Серік Сүлеймен қатысты. «Адалдық сағатына» ауыл шаруашылығы басқармасының, ҚР АШМ АӨК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының, ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық аумақтық инспекциясы,  орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің облыстық аумақтық инспекциясы мамандары қатысты.