2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап аталған Президенттік жастар кадр резервіне өтінімдерді қабылдау басталғанын және құжаттарды қабылдау үшін автоматтандырылған онлай-платформа pkrezerv.kz іске қосылды. 

Президенттік жас тар кадр резервінің іріктеуіне қатысты мәліметтермен толық танысу және тіркелу  үшін үміткерлерге бар болғаны  pkrezerv.kz сайтына тіркелу қажет.

Теректі ауданында 267 ауыл шаруашылық құрылымы жұмыс жасайды. Ауданда 23 шаруашылық асыл тұқымды ірі қара өсіреді. Оның 22-сі етті бағыттағы қазақтың ақбасы, герефорд, ангус тұқымды ірі қара бағып отыр. Бұл жайлы Теректі ауданының әкімі Әділ Жоламанов Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте айтты.

 

 

- Малды асылдандыруда «Сыбаға» бағдарламасымен 3 шаруашылық 433 млн.теңге несие алып, «RingoMilk» ЖШС 600 бас асыл тұқымды малды шетелден кіргізу қамымен жүр. 711 бас асыл тұқымды төл сатып алынды, соның 178-і етті бағыттағы асыл тұқымды бұқалар, 533-і асыл тұқымды қашарлар. Ауданда қазіргі таңда 46155 ірі қара, 11 199 жылқы, 64 834 қой-ешкі, 2 661 шошқа бар. Құс саны - 44700 бас. Мал басы төл есебінен де көтерілуде. Биыл 19 155 бұзау, 4358 құлын, 40885 қозы-лақ ілесті. Мал басы санына сәйкес 217,8 мың гектар жердің шөбі шабылып, 120,8 тонна мал азығы дайындалды,-деді аудан әкімі.