2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап аталған Президенттік жастар кадр резервіне өтінімдерді қабылдау басталғанын және құжаттарды қабылдау үшін автоматтандырылған онлай-платформа pkrezerv.kz іске қосылды. 

Президенттік жас тар кадр резервінің іріктеуіне қатысты мәліметтермен толық танысу және тіркелу  үшін үміткерлерге бар болғаны  pkrezerv.kz сайтына тіркелу қажет.

- Біздің негізгі әлеуетіміз ет малында. Бізде бүгінгі күні 640 мың бас ірі қара, 1300 мың бас ұсақ мал, 200 мың бас жылқы бар.  Сонымен қатар, әлемде экологиялық таза етке деген сұраныс тұрақты өсуде. Тек Ресей мен Қытай жыл сайын 1,7 млн.тоннаға жуық сиыр етін импорттайды.

Сондықтан етті мал шаруашылығы бойынша үлкен перспектива бар. Сонымен қатар, біздің облыс республикада ет бағытындағы ірі қара мал саны бойынша екінші орында тұр. Мал шаруашылығын дамыту бағдарламасына сәйкес ірі қара мал басының көлемін 1 миллион басқа дейін арттыру міндеті тұр.
Мұндай межелі міндетті мал импортын демеуқаржылау (субсидиялау), өзіміздің асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, жеңілдетілген қаржыландыру секілді мемлекеттік жүйелі қолдау арқылы ғана орындауға болады. Біздің ойымызша, зәкірлік кооперацияны қалыптастырған ұтымды. Яғни  зәкірлік кооперация дегеніміз – құрамына асыл тұқымды мал шаруашылықтары, шаруа қожалықтары мен ауылдық кооперативтер, бордақылау алаңдары және ет өңдеу комбинаттары кіретін вертикальдық жүйе. Сонымен қатар қазақтың ақбас асыл тұқымды сиырын, еділбай қойын, көшім жылқысын қайтадан өркендету керек,-деді облыс әкімі.