2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап аталған Президенттік жастар кадр резервіне өтінімдерді қабылдау басталғанын және құжаттарды қабылдау үшін автоматтандырылған онлай-платформа pkrezerv.kz іске қосылды. 

Президенттік жас тар кадр резервінің іріктеуіне қатысты мәліметтермен толық танысу және тіркелу  үшін үміткерлерге бар болғаны  pkrezerv.kz сайтына тіркелу қажет.

2019 жылдың 18 қыркүйегінде «Пойма Май комбинаты» ЖШС базасында ағымдағы жылғы майлы дақылдар өнімін өткізу мәселелерін талқылау бойынша жиналыс өткізілді.

 

Оған облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары мен мамандары, Теректі ауданы әкімінің орынбасары, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері, «Kaz-Ir Agro» ЖШС (мақсарыны қайта өңдеу және экспорттау бойынша зауыт, Тараз қаласы), «Пойма Май комбинаты» ЖШС, «Вершина» ЖШС (дәнді, майлы, бұршақ дақылдарын сатып алу, экспорттау бойынша трейдерлік компания, Қостанай қаласы) компанияларының өкілдері қатысты.
Жиналыс барысында майлы дақылдардан алынған өнімді өткізу мен өнімнің сапалық көрсеткіштері туралы мәселелері талқыланды.