2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап аталған Президенттік жастар кадр резервіне өтінімдерді қабылдау басталғанын және құжаттарды қабылдау үшін автоматтандырылған онлай-платформа pkrezerv.kz іске қосылды. 

Президенттік жас тар кадр резервінің іріктеуіне қатысты мәліметтермен толық танысу және тіркелу  үшін үміткерлерге бар болғаны  pkrezerv.kz сайтына тіркелу қажет.

Батыс Қазақстан облысында 2019 жылдың 1 қыркүйегіне 198 ауыл шаруашылығы кооперативі тіркеліп, оның ішінде тұқымдық түрлендіруге қатысатыны – 149, мал бордақылаумен айналысатын – 30, сүтті бағытта - 6, өсімдік шаруашылығы бағытында - 13. 2019 жылы облыс бойынша өсімдік шаруашылығы бағытында - 2 және  тұқымдық түрлендірумен айналысатын – 1 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды.

Осы аталған АШК-де статистикалық ақпаратқа сәйкес 4 582 мүше (соның ішінде 10 заңды тұлға, 158 дара кәсіпкерлер және шаруа немесе фермер қожалықтары, 4 414 үй шаруашылықтары), 55 681 бас ауыл шаруашылығы малдары (соның ішінде: 36 358 бас ІҚМ, 19 298 бас ҮММ, 25 бас жылқы) және 53 АШК-де 65 644,7 га ауыл шаруашылығы жер тіркелген. Сонымен қатар олармен 2018 жылы 4 228 тонна сүт, 607,3 тонна ет және 3 542 тонна картоп өндірілсе, 2019 жылғы ІІ тоқсанда 1 851 тонна сүт, 209 тонна ет және 17 тонна жүн өндірілді.

Тіркелген АШК-нің 6-ы модульді мал сою пунктімен («Жалпақтал» АШК, «Николай Ко» АШК, «Шамшырақ» АШК, «Жасыл Ауыл» АШК, «Шыңғырлау-Агро» АШК, «Атамекен-Сырым» АШК), 4-і модульді сүт қабылдау пунктімен («Достық» АШК, «Адал» АШК, «Батыс Сүт» АШК, «Тасқала Сүт» АШК), 2-і рефрижератормен («Атамекен-Сырым» АШК, «Тасқала Ет» АШК) және 1-і қой қырқу пунктімен  («Аққозы» АШК) жабдықталған.

 

 

Микрокредитті мониторингтеу және

ауыл шаруашылығы кооперациясы бөлімі