2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап аталған Президенттік жастар кадр резервіне өтінімдерді қабылдау басталғанын және құжаттарды қабылдау үшін автоматтандырылған онлай-платформа pkrezerv.kz іске қосылды. 

Президенттік жас тар кадр резервінің іріктеуіне қатысты мәліметтермен толық танысу және тіркелу  үшін үміткерлерге бар болғаны  pkrezerv.kz сайтына тіркелу қажет.

Қазіргі уақытта аудандық ауыл шаруашылығы бөлімдерінің жедел ақпараты бойынша облыста дәнді дақылдар жиналатын 248,2 мың га алқаптан 11,5 ц/га орташа өнімділікпен 47,3 мың тонна астық алынды. 


Көкөніс-бақша дақылдарын жинау.


- жиналуы тиіс 3703 га көкөніс дақылдарының 112 га жиналды, 124 ц/га өнімділікпен 1,4 мың тонна көкөніс өнімі алынды;


- жиналуы тиіс 1816 га бақша дақылдарының 108 га жиналды,116 ц/га өнімділікпен 1,3 мың тонна өнім алынды.


Егін ору жұмыстары жалғасуда.


Мал азығын дайындау.


2019-2020 жылдың мал қыстағына малды азықпен қамтамасыз ету үшін 1532,9  мың тонна шөп дайындау жоспарланып отыр. Жедел ақпарат бойынша 2019 жылдың 29 шілдесіне 665,8 мың тонна шөп дайындалды, бұл қажеттіліктің 43% құрап отыр.