2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап аталған Президенттік жастар кадр резервіне өтінімдерді қабылдау басталғанын және құжаттарды қабылдау үшін автоматтандырылған онлай-платформа pkrezerv.kz іске қосылды. 

Президенттік жас тар кадр резервінің іріктеуіне қатысты мәліметтермен толық танысу және тіркелу  үшін үміткерлерге бар болғаны  pkrezerv.kz сайтына тіркелу қажет.

Бүгінде алты құрлықтың ар жағындағы Америкадан озық технологиялы трактор сатып алудың еш қиындығы болмай қалды. Соның жарқын бір көрінісі – Бөкей ордасы ауданындағы «Игнат» шаруа қожалығы екі «Джон Дир» тракторын алды. Бұл – өңірдің  оңтүстік  аудандарындағы мұндай техника алған алғаш аудан, алғашқы шаруашылық.

 

 

Әлемдік ауыл шаруашылығы техникасын өнді-рушілердің арасында «Джон Дирдің» көшбасшылардың бірі екені сөзсіз. Көкшетау қала-сындағы «Eurasia Group Kazakhstan» ЖШС диллерлік орталығы осы кор-порацияның еліміздегі өкілдігі болып табылады. Аталмыш өкілдіктің  сату бойынша аймақтық менеджері Дастан Садықовтың айтуынша, әлеуетті компанияның Қазақстанда 14 өкілдігі жұмыс жасауда, әзірге Ақтау мен Атырау қалала-рында ғана өкілдік ашыла қоймаған. Облыс орталығы Оралда техника бөлшектерінің қоймасы бар, сервистік қызмет көрсетуші төрт инженер жұмыс істейді. Қоймада 1,5 млрд. теңгенің қосалқы бөлшек-тері сақтаулы. Корпорацияның Қазақстан бойынша қаржы айналымы 480 млн. долларды құрайды. Ал БҚО бойынша 12 млн. доллар шамасында. Әдетте техникасы мықты болғанымен, бағасы қымбат делінетін америкалық компания өз өнімін өткізу үшін тұтынушыларға түрлі жеңілдіктер жасайды.

 

– Жылда күзгі жиын-терім аяқталғаннан кейін шаруашылықтарға «Джон Дир» техникасының қосалқы бөлшектеріне 22% жеңілдікпен тапсырыс беру акциясы ұйымдастырылады. Тапсырыс қазан айынан желтоқсанға дейін қабылданады. Біздің  өкілдік арқылы «Джон Дир» техникасын сатып алған кейбір шаруашылық техникасына қарамайды, тапсырыс бермейді, содан қосалқы бөлшектерден құр қалып, әбден егіс жұмыстары басталарда естерін жияды. Қажетті бөлшектерді АҚШ-тан алдыртуға бір-екі апта уақыт кетеді. «Көктемнің бір күні жылға азық» демекші, салғырттықтың салдарынан егін егу жұмыстары кешеуілдейді. Сондықтан тапсырысты дер кезінде берген тиімді, –
дейді  аймақтық менеджер Дастан Садықов.

 

Бәсекелестік заманында өнім өндірушілердің «бас ауруы» өнімді өндіру емес, оны өткізу екені белгілі. Сондықтан сапалы әрі бәсекелестікке қабілетті өнім шығару
үшін дамыған елдердің деңгейін-дегі өнімділігі жоғары озық техника қажет. Инновациялық техника еңбек өнімділігін көтереді, өндірістің тиімділігіне бастайды. Мұны жақсы түсінген облыстың солтүстік аудандарындағы шаруа-шылықтар шетелдік озық технологиялы техниканы көбірек алып жүр. «Джон Дир» корпорациясы өкілдігінің ұсынған мәліметіне сүйенсек, 2004 жылы Оралдағы өкілдік ашылғаннан бергі уақытта өңірде түрлі шаруашылық құры-лымдары 465 америкалық инновациялық түрлі техниканы сатып алып, пайдалануда. Олардың қатарында «Жанғалиев», «Авангард», «Матевосян», «Киргенев» және өзге де шаруашылықтар бар. Биыл техника бағасының арзандауына байланысты техника паркін жаңартуға ұмтылыс болары анық.

 

– «Джон Дир» компаниясы Қазақстанның жағырапиялық, климаттық ерекшеліктерін ескере отырып, 2018 жылдың күзінен бастап үш жыл бойы шағын қуатты комбайндарды 40% жеңілдікпен 43 млн. теңгеге және 45-135 ат күші бар тракторларға 40% жеңілдікпен (тіркемелі техникаға жеңілдік қарастырылмаған) ұсынады. Бұл мәселе үкіметаралық деңгейде шешілген. Осындай жақсы жаңалықты ел-жұртқа, шаруагерлерге ауыл шаруашылығы сала-сындағы жиындарға қатысып, айтып жүрмін, – деді Дастан Са-дықов.

 

Осындай жағымды жаңалықты естіген бөкейордалық «Игнат» шар-уа қожалығы «Джон Дир» 6095В үлгідегі тракторын нарықтағы 25 млн. теңге бағасына емес, 40%
жеңілдікпен 16 млн. теңгеге несиеге рәсімдеп алды. Сонда шаруашылық 9 миллион теңгесін үнемдеді.

 

– Басқосулардың бірінде аме-рикалық техникаға акция болып жатыр дегенді естіп, жаңа техниканы арзандау бағасына алайық деп шештік. Жазда күн шыжып тұрғанда «Беларусьпен» шөп шабу оңай емес. Сондықтан техника паркімізге «Джон Дир» тракторының екеуін алдық. Бәрі дұрыс болып жатса, алдағы уақытта бұдан басқа үлгілерін алу ойда бар. «Eurasia Group Kazakhstan» ЖШС диллерлік орталығының Оралдағы өкілдігі арқылы ауданымыздағы «Нарын» несие серіктестігінің қолдауымен жаңа тракторды 12 жылға 4%-бен несиеге рәсімдеп алдық. Басында екі жыл демалысы, бір жылға кепілдігі бар, келісімге сәйкес тоқсан сайын несие берешегін төлеп отырамыз. Шаруа баққан жандарға бұл өте ыңғайлы, – деп қуанышымен бөлісті «Игнат» шаруа қожалығының өкілі Юнат Исағалиев.

 

Негізі бұл шаруашылық оның ағасы Игнаттың меншігінде. Қос бауыр аудандағы Темір Масин ауылына қарасты Қошқар қыстағында ет бағытындағы қазақтың ақбас сиырын және төрт түліктің төресі – жылқы өсіреді. Бұған дейін шаруашылықтың жігіттері қыстық шөпті «Беларусь» тракторларымен шауып жүрді. Ондай техниканың бесеуін 2008 жылы лизингке сатып алған.

 

Юнаттың айтуынша, бұрынғы тракторлары жасыл орақ кезінде жиі сынады. Сол себепті сынған техниканың ақауын жөндеуге уақыт көп кетеді. Нарық заманында уақытты ақша деп бағалайтын кәсіпкерлер үшін бұл жағдай тиімсіз екені түсінікті. Әрине, шаруашылықтағылар қолдағы бар техникасымен төрт түлік малына
қыстық мал азығын уақтылы дайындап жүреді. Бірақ науқан кезіндегі жанар-жағармай, жалақы шығындарының орнын жабу үшін тұрғындарға шөп шауып, оны сатулары керек. Сондықтан жаңа тех-никаның арқасында күзгі жауын-шашынға ұрынбай, ертерек қысқа дайындалуға әрі басы артық шөп шауып, саттыққа шығаруға көбірек мүмкіндік болмақ.

 

Содан соң ауыл-аудандағылар ауыл шаруашылығы саласындағы науқандық жұмыстарға, тракторшылыққа кісі таппай жатады. Екі айналымда пәленбай рет сынып тұратын, күйіп тұрған күннің астында шаң мен терге малынып, болымсыз жалақыға кім жұмыс істегісі келеді дейсіз? Сондықтан шаруам жүрсін дейтін азаматтар
қол астындағы немесе маусымдық жұмысқа тартылар жұмысшы-лардың жағдайын қарап, өнікті жұмыс істейтін жаңа техника алуға ұмтылары хақ.

 

– Бастысы, техниканың тракторшыға жұмыс істеуге қолайлы болғаны абзал. «Джон Дир» тракторы күн қасқайып күйіп тұрғанда таңертеңнен қара кешке дейін кабинада отыратын тракторшыны шаршатпайды. Оның кабинасында салқындатқышы бар, орын-дығының жайлылығы тіптен керемет. Техниканы жүргізушінің салмағына қарай орындықты ретке келтіріп, ұзақты күнге бел-омыртқаңызды ауыртпай, жеңіл көлікте отырғандай күйге түсіреді. Дизель отынын аз «жейді». «Беларусь» тракторлары бір жылдан кейін сынып, анау-мынау жерін ауыстыру қажет болады әрі дөңгелектері де осал. Ал мынаның жөні бөлек, – деп тоқтады Юнат.

 

Шаруагердің пайымынша, «Джон Дир» тракторының жабдықталуы жоғары деңгейде, компьютерлік бағдарламамен басқарылады. Кабинадағы ауа температурасы тек жаздыгүні емес, қыстың қақаған аязында да берілген «тапсырма» бойынша бір қалыпта ұсталынады. Түрлі-түсті дисплейде отынның жұмсалуы, ауа температурасы, майдың қысымы, уақыт көрсеткіштері және өзгелері алақанда-ғыдай көрінеді. Осының өзі опе-ратордың, яғни тракторшының техниканы, оның жүйелері агрегаттарының жай-күйін үнемі көріп, бақылап отыруына мүмкін-дік береді.

 

«Джон Дир» техникасын жеңіл-дікпен алуға аудандардан тапсырыстар көптеп түсуде. Соның ішінде Қаратөбе ауданындағы ірі шаруашылық, Ақжайық ауданынан «Сәбит» шаруа қожалығы трактор алуға тапсырыс жасаған. Биылдың өзінде Бөрлі ауданынан «Нива» шаруа қожалығы, Бәйтерек ауданынан «Перспектива КАН», «Балакиреев» шаруашылықтары жаңа техника алды. Теректі ауданынан «Гепард Агро» ЖШС, «Руслан» шаруа қожалығы да жаңа америкалық тракторға қол жеткізген. Шаруашылықтар жаңа техникаға түрлі тіркемені тіркеп, картоп, егін егу және шөп шабу жұ-мыстарына пайдаланбақ.

 

http://oraloniri.kz/?p=27063