2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап аталған Президенттік жастар кадр резервіне өтінімдерді қабылдау басталғанын және құжаттарды қабылдау үшін автоматтандырылған онлай-платформа pkrezerv.kz іске қосылды. 

Президенттік жас тар кадр резервінің іріктеуіне қатысты мәліметтермен толық танысу және тіркелу  үшін үміткерлерге бар болғаны  pkrezerv.kz сайтына тіркелу қажет.

6-7 шілде  күндері Елордада Нұр-Сұлтан қаласы күні мейрамына орай  ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Бас қаланың күнін тойлау үшін өңіріміздің шаруашылықтарымен 60 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері жеткізіліп, нарықтағы бағадан 15-20% төмен бағамен саттыққа шығарылды.


Бас қаланың тұрғындарына арналған жәрмеңкеге батысқазақстандық тауар өндірушілер 15 тонна сиыр, 5 тонна жылқы және 1 тонна қой етін, 10 тонна қалбырдағы өнімді, 8 тонна колбаса өнімдерін, 10 тонна ұн мен макарон өнімдерін, сондай-ақ 2 тонна өсімдік және 2 тонна сары май, 5 тонна балық, 1 тонна сусындар мен 1 тонна кондитер өнімдерін ұсынды. Өнімдердің жалпы құны 90 млн теңгені құрады. Сонымен қатар жәрмеңкеде қаланың аз қамтылған, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына тегін өнімдер ұсынылды. 
Ауылшаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі