2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап аталған Президенттік жастар кадр резервіне өтінімдерді қабылдау басталғанын және құжаттарды қабылдау үшін автоматтандырылған онлай-платформа pkrezerv.kz іске қосылды. 

Президенттік жас тар кадр резервінің іріктеуіне қатысты мәліметтермен толық танысу және тіркелу  үшін үміткерлерге бар болғаны  pkrezerv.kz сайтына тіркелу қажет.

21 маусым күні Ауыл шаруашылығы басқармасының мәжіліс залында мемлекеттік қызметшілер күніне орай салтанатты жиын өтті.

 

Салтанатты жиында Басқарма басшысы Берік Абатұлы   қызметте ерекше көзге түскен мамандардың ата-аналарын, жас қызметкерлерді алғыс хатпен марапаттады. Соның ішінде Басқармада 14 жыл бойы аянбай еңбек еткен Жақсығали Жамбаевты өңір басшысы Ғали Есқалиевтің атынан құттықтады. Алғыс хатта "Сізді әріптестеріңіз білікті маман, мемлекет мүддесін жоғары қоя білген тұлға ретінде жоғары бағалайды. Ақжайық жұртшылығының өмір сапасын арттыруға бағытталған адал еңбегіңіз үшін алғыс білдіремін"- делінген. Құрметті әріптестер, мереке құтты болсын!!!