Батыс Қазақстан облысында 2019 жылдың 1 маусымына 205 ауыл шаруашылығы кооперативі тіркеліп, оның ішінде тұқымдық түрлендіруге қатысатыны – 156, мал бордақылаумен айналысатын – 31, сүтті бағытта - 6, өсімдік шаруашылығы бағытында - 12. 2019 жылы облыс бойынша өсімдік шаруашылығы бағытында 1 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды.

 

Осы аталған АШК-де 4 351 мүше (соның ішінде 10 заңды тұлға, 187 дара кәсіпкерлер және шаруа немесе фермер қожалықтары, 4 154 үй шаруашылықтары), 46 668 ауыл шаруашылығы малдары (соның ішінде: 33 641 ІҚМ, 13 006 ҮММ, 21 жылқы) және 53 АШК-де 65 644,7 га ауыл шаруашылығы жер тіркелген. Сонымен қатар олармен 2018 жылы 4 228 тонна сүт, 607,3 тонна ет және 3 542 тонна картоп өндірілсе, 2019 жылғы І тоқсанда 364 тонна сүт, 78,3 тонна ет өндірілді.

 

Тіркелген АШК-нің 6-ы модульді мал сою пунктімен («Жалпақтал» АШК, «Николай Ко» АШК, «Шамшырақ» АШК, «Жасыл Ауыл» АШК, «Шыңғырлау-Агро» АШК, «Атамекен-Сырым» АШК), 4-і модульді сүт қабылдау пунктімен («Достық» АШК, «Адал» АШК, «Батыс Сүт» АШК, «Тасқала Сүт» АШК), 2-і рефрижератормен («Атамекен-Сырым» АШК, «Тасқала Ет» АШК) және 1-і қой қырқу пунктімен  («Аққозы» АШК) жабдықталған.

 

Ауыл шаруашылығы кооперациясы бөлімі