Ағымдағы жылдың өткен аптасында ауыл шаруашылығы басқармасының мәжіліс залында Қазақстан ет өндірушілер одағының төрағасы Мақсот Бақтыбаевтың қатысуымен кеңес өткізілді. Кеңеске шетелден мал импорттау мақсатында несие алған және жоспарлап отырған ауыл шаруашылығы құрылымдары қатысты.


Кеңес барысында ағымдағы жылы облысымызға 2018-2027 жылдарға арналған ұзақ мерзімді етті мал шаруашылығын дамыту салалық бағдарлама аясында министрлік тарапынан 12,3 мың бас ірі қара мал басын импорттау жоспары бекітілгені әрі жыл басынан бастап облысымызда 1690 ірі қара малдың импортталғаны, 1497 малдың карантинге қойылғаны, ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне 1805 бас ірі қара малын импорттауға рұқсат алу үшін құжаттар әкелінгені айтылды. 


Ет өндірушілер одағының төрағасы М. Бақтыбаев жалпы импорттық мал басын сатып алу бағыттарына мен мал басына төленетін субсидиялау көлеміне тоқталып, өңірдің климатына қолайлы асыл тұқымды герефорд, ангус т.б мал басын Бразилия елінен сатып алу мүмкіндігі жөнінде өз ұсынысын жеткізді. Сондай-ақ, мал басын импорттау бойынша барлық қажетті ақпарат алу үшін Ауыл шаруашылығы басқармасының мал шаруашылығы бөлімі мамандары мен мал импорттау операторларының көмегіне жүгінуге болатынын айтып өтті. 


Сонымен қатар, шаруаларға мал импорттаудың тиімді тұстары және жеңілдетілген мемлекеттік бағдарламалармен несие алу шарттары түсіндіріліп, шаруалар өз кезегінде қажетті мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлерін білдірді.