Әрбір квартал сайын өңірлерге сапарлап жүретін мәжіліс депутаттары Бәйтерек ауданында жүріп жатқан көктемгі далалық жұмыстардың аяқ алысымен танысты.

 

Қазіргі таңда диқаншылар барша техникасын сайлап, дәнді-дақылдарды егіп жатыр. Биыл Бәйтеректің шаруалары күзгі дақылдар егілген алқаптардың санын арттырыпты. Көктемгі далалық жұмыстардың қалай жүзеге асып жатқандығын көрген мәжілісмендер ауыл шаруашылығында еңбектеніп жатқан жандармен тілдесіп, шешімін таппай келе жатқан мәселелерін тыңдады. Шаруалар бірінші кезекте, инвестициялық жобалардың қысқа уақытқа жоспарланғанын айтып, жыл өткен сайын ережелердің түрліше құбылатындығын жеткізді. Кәсібін дөңгелентіп жүрген жандар бұған алаңдап отырғандығын жасырмады. Сондай-ақ, шаруалар Иранға асатын қой етінің бағасында тілге тиек етті. Өңірге келген депутаттар кәсіпкерлердің ортаға салған сауалдарын міндетті түрде үкіметке жолдайдықтарын жеткізді. Елдордадан келген мәжіліс депутаттары өңірге сапары барысында түрлі зауыт пен кәсіпорындарды аралап, өндірістің аяқ алысымен таныспақ.

 

 



Источник: http://tdk42.kz/kk/news/deputattardyn-sapary/