2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап аталған Президенттік жастар кадр резервіне өтінімдерді қабылдау басталғанын және құжаттарды қабылдау үшін автоматтандырылған онлай-платформа pkrezerv.kz іске қосылды. 

Президенттік жас тар кадр резервінің іріктеуіне қатысты мәліметтермен толық танысу және тіркелу  үшін үміткерлерге бар болғаны  pkrezerv.kz сайтына тіркелу қажет.

Жаңалықтар

Бүгін 12 қазан күні "Весы" сауда үйінде ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.

Бүгін ауыл шаруашылығы басқармасының ғимаратында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтауға және нығайтуға бағытталған «Адалдық сағаты» өткізілді.

Құрметті Орал қаласының тұрғындары мен қонақтары! 12  қазан күні ауылшаруашылық тауарөндірушілерінің жәрмеңкесі «Весы» сауда үйінде өткізілетіндігін хабарлаймыз.

Теректі ауданында 267 ауыл шаруашылық құрылымы жұмыс жасайды. Ауданда 23 шаруашылық асыл тұқымды ірі қара өсіреді. Оның 22-сі етті бағыттағы қазақтың ақбасы, герефорд, ангус тұқымды ірі қара бағып отыр. Бұл жайлы Теректі ауданының әкімі Әділ Жоламанов Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте айтты.

Бұл жайлы Теректі ауданының әкімі Әділ Жоламанов Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте айтты. «Жел арқылы электр қуатын алатын 2 қондырғы орнатылды. GPS, электронды бақташы біздің малшылар үшін үйреншікті іске айналды»,- дейді аудан әкімі

- Біздің негізгі әлеуетіміз ет малында. Бізде бүгінгі күні 640 мың бас ірі қара, 1300 мың бас ұсақ мал, 200 мың бас жылқы бар.  Сонымен қатар, әлемде экологиялық таза етке деген сұраныс тұрақты өсуде. Тек Ресей мен Қытай жыл сайын 1,7 млн.тоннаға жуық сиыр етін импорттайды.

2019 жылдың 18 қыркүйегінде «Пойма Май комбинаты» ЖШС базасында ағымдағы жылғы майлы дақылдар өнімін өткізу мәселелерін талқылау бойынша жиналыс өткізілді.