2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап аталған Президенттік жастар кадр резервіне өтінімдерді қабылдау басталғанын және құжаттарды қабылдау үшін автоматтандырылған онлай-платформа pkrezerv.kz іске қосылды. 

Президенттік жас тар кадр резервінің іріктеуіне қатысты мәліметтермен толық танысу және тіркелу  үшін үміткерлерге бар болғаны  pkrezerv.kz сайтына тіркелу қажет.

08 Ақпан 2017

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылдың екінші жарты жылдығына облыстардың ауыл шаруашылығы басқармаларына 2013 жылғы 1 қаңтардан 2014 жылғы 31 желтоқсан мерзімі аралығында «Агробизнес-2020» бағдарламасын іске асыру шеңберінде кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету тәртібінің сақталуы тұрғысынан жүргізген іріктеме тексерулерімен анықталған жүйелі заң бұзушылықтар бойынша және оларды алдағы уақытта болдырмау, сондай – ақ 2015 жылдың өткен кезеңінде жергілікті атқарушы органдарымен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге субсидия беру кезінде заңдылықтың сақталуына жүргізген тексеріс нәтижесі бойынша облыс прокуратурасымен облыс әкімдігіне енгізілген 2016 жылдың 20 қаңтарындағы №2-06070-16-00522 заң бұзушылықтарды жою туралы ұсынысы негізінде заң бұзушылықты және оған ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою мақсатында 12.02.16ж. басқарманың ұйымдастырылуымен кейбір ауыл шаруашылығы саласындағы мәселелері бойынша өткен жиын шеңберінде, аудан көлемінде ауыл шаруашылығы саласын басқаратын жергілікті атқарушы органдарының лауазымды тұлғалары қатысуымен ұйымдастыру-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ауыл шаруашылығының саласы мамандарына кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету тәртібін жүзеге асыру кезінде 2015 жылдың 23 қарашасындағы «ҚР Еңбек кодексі», Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі, 2015 жылдың 18 қарашасындағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», 2015 жылдың 23 қарашасындағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» , 2015 жылдың 23 қарашасындағы «ҚР мемлекеттік қызметі туралы» Заң талаптары кеңінен түсіндіріліп, заңбұзушылықты алдын алу тетіктері түсіндірілді.

Сонымен қатар, терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыру кезінде қоғамдық ұйымдармен, діни бірлестіктермен, азаматтық қоғамның басқа да институттарымен және азаматтармен үйлескен жұмыстарды қамтамасыз ету сұралды.