Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

 


 

http://www.kyzmet.gov.kz/kk/news/ozinnin-belsendi-azamattyk-ustanymyndy-bildir

 

Өзіңнің белсенді азаматтық ұстанымыңды білдір!

 

Азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға тарту 2015-2025 жылдарға арналған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының (бұдан әрі - Стратегия) негізгі басымдығы.
Қазіргі уақытта Агенттікпен аталған Стратегияны және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылды орындау жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының жобасы әзірленуде.
Аталған жоспардың маңыздылығы алдағы үш жылда іске асырылатын елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты оған қосылған іс-шараларға негізделетін болады.
Аталған құжатты талқылауда азаматтардың белсенді қатысуына (сілтеме: https://drive.google.com/file/d/0B1wB55uxyZ-wcm5XM0ZqQWdFMWs/view?usp=sh...) және өздерінің ұсыныстары мен ескертулерін келесі мекенжай бойынша ((Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., https://www.facebook.com/ADGSPK/)) жолдауға шақырамыз.

 


 

 

 

 

 

 

Скачать: Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық Анықтама

 

Сыбайлас жемқорлық қауіптілігін бағалау

 

Ұйымға, сондай – ақ жеке пайда алумен байланысты іскерлік қарым қатынастарын жүзеге асыру кезіндегі басқарма қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау мүмкіндігі өте жоғары сыбайлас жемқорлық қауіптілігін бағалау мақсаты бойынша бізбен басқарма қызметінің іскерлік қарым қатынастары анықталған болатын.

 

Сыбайлас жемқорлық қауіптілігін бағалау сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының маңызды бөлігі.

 

Ол сыбайлас жемқорлықты алдын алу бойынша жұмыс атқаруға бағытталған ресурстарды үнемді пайдалану және басқарма қызметінің ерекшілігіне сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс шараларды қамтамасыз етеді.

 

Сыбайлас жемқорлық қауіптілігін бағалау келесі тәртіппен жүргізілді:
-әр қайсысында бүтін бөліктерді ажырату арқылы дара қызметтер ретіндегі басқарма қызметі ілестетілді;
-әр қызметтің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туындауға мүмкіндігі бар «қауіпті нүктелер» ажыратылды;
- жүзеге асырылатын сыбайлас жемқорлық қауіптілігімен байланысты әр қызметте орын алу мүмкін сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтың сүреті жасақталды;
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты жасаған кезде басқарма әлде оның дара қызметкерлері қол жеткізу мүмкін пайда әлде артықшылықтар сипаттамалары берілді;
-сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты жасау үшін ықтимал лауазымдар белгіленді;
-азаматтар, қызметкерлердің өз-ара байланыс кезінде ақпарат технология нысандарын енгізу әлде оны кеңінен пайдалану талқыланды.
Жүргізілген сыбайлас жемқорлық қауіптілігін бағалау нәтижесі бойынша басқарма қызметінің келесі бағыттары қауіп тудыратын сала болып танылды.
Яғни,
-егін шаруашылығы бөлімінің, ауыл шаруашылығы саласына қатысты қызметтерге лицензия табыстау кезіндегі қызметі; 
-астық және тұқым инспекциясы бөлімінің, астық қоймаларды тексеру кезінде мемлекеттік бақылау қызметін жүзеге асыру және рұқсат құжаттарын беру кезіндегі қызметі;
-мал шаруашылығы бөлімінің, ауыл шаруашылығы саласына субсидия бөлу қызметі;
-механизация, мемлекеттік техникалық инспекция және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бөлімінің, ауыл шаруашылығы саласына субсидия бөлу қызметі; 
-ұйымдастыру жұмыстары және персоналды басқару бөлімінің, кадрларды іріктеу қызметі;
-экономикалық талдау, жоспарлау және жиынтық ақпарат бөлімінің, инновациялық жобаларды іріктеу қызметі;
-агроөнеркәсіптік кешенді қаржыландыру бөлімінің, бюджеттік қаражатты мақсаты пайдалану, бюджет және қаржы тәртібін сақтау кезіндегі қызметтер сыбайлас жемқорлық қауіптілігін тудыру мүмкін.

 

Сонымен қатар мемлекеттік қызмет, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі бойынша жоғарда аталған бөлім құрылымдарының қызметі қатан бақылауға алынуға жатады.

 

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жасау Қазақстанның мемлекеттік саясаттының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан-2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында «біз түпкі мақсатымыз – жемқорлықты құбылыс ретінде жою үшін жемқорлыққа қарсы заңнамаларды жетілдіру арқылы жемқорлықпен күресті қатты күшейтуіміз керек» делінген.

 

Мемлекет азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтары накез келген құқық бұзушылыққа мемлекет реакциясының болмай қоймайтынын қамтамасыз етумен қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау және кінәлі адамдарды заңмен бекітілген жауапкершілікке тартумен кепілдік береді.

 

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:

 

- жемқорлық құқық бұзушылық фактiсi туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескенадам мемлекеттiң қорғауында болады;

 

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетiн адам туралы ақпарат мемлекеттiк құпия болып табылады;

 

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзушi органдар қажет болған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетiн адамдардың жеке басының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi.

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққы қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлықпен және жемқорлық қылмыстармен күресте уәкілетті орган болып табылады. Қазақстан Республикасының қаржы полициясы оргадары экономикалық және қаржылық қызмет сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында адам мен азаматтың құқықтарына, қоғам мен мемлекет мүдделерiне қылмыстық және өзге де заңсыз қол сұғушылықтың алдын алуға, оны анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеуге бағытталған құқық қорғау қызметтi жүзеге асыратын арнайы мемлекеттік орган болып табылады.

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті: call-center 1424

 

Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының 

сенім телефоны: 50-65-94.

  

Басқарманың сенім телефоны 50-65-94
Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының сенім телефоны 50-93-37
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің сенім телефоны Кезекшілік бөлімі Мекенжай: Орал қаласы, Құрманғазы көшесі, 89/1 1424 
98-47-20

 

Жадынама

 

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу  

 

Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын Батыс Қазақстан облысында іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары