«Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

«Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: агроөнеркәсіп кешені саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратын облыстың жергілікті атқарушы органы болып табылады.

 

Міндеттері:

 

1) астық нарығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

 

2) өсімдіктерді қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;

 

3) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

 

4) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

 

5) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

 

6) ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

 

7) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

 

Функциялары:

 

1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерiн «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, осы саладағы мемлекеттiк, салалық (секторлық), өңiрлiк бағдарламаларға және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттiк қолдау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;

 

2) агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту саласындағы мемлекеттiк техникалық инспекцияны жүзеге асыру;

 

3) агроөнеркәсiптiк кешен салаларын мамандармен қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды жүзеге асыру, агроөнеркәсiптік кешен кадрларын даярлау, қайта даярлау және олардың бiліктілігін арттыру;

 

4) шығарылатын өнiм түрлерi бойынша өңiрлiк көрмелер, жәрмеңкелер ұйымдастыру;

 

5) азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің, бағалардың және агроөнеркәсіптік кешен өнімдері нарықтарының мониторингін жүргізу;

 

6) азық-түлік тауарларын сатып aлу бағдарламаларына қатысушыларды анықтау жөнiндегi комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру;

 

7) өңірдің агроөнеркәсіптiк кешен саласында инновациялық тәжiрибенi тарату және енгізу жөнiндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;

 

8) жоғары сыныпты асыл тұқымды малды сатып алуды, ұстауды және кең ауқымда өз төлi есебінен өсiру үшін мал басын молықтыратын төл өсiрудi ұйымдастыру;

 

9) отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге өткiзiлген бiрiншi, екiншi және үшiншi репродукциялы тұқымдардың құнын арзандатуды қамтамасыз ету;

 

10) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тізбе мен тәртіпке сәйкес зиянды организмдерге қарсы күрес жөнінде іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз ету;

 

11) мыналар:

агроөнеркәсіптiк кешен салаларына инвестициялар мен екiншi деңгейдегi банктердің кредиттерiн тарту;

 

бәсекеге қабiлеттi өндiрiстердi қалыптастыру және дамыту, оларды жаңғырту және сапа менеджментiнiң халықаралық жүйесiне көшiру үшiн жағдай жасау;

 

мамандандырылған мал шаруашылығы қожалықтарының өсуi үшiн жағдай жасау бойынша iс-шаралар әзiрлеу;

 

12) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамытудың ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уәкілетті органмен келісілген жергілікті бюджеттік басым инвестициялық жобаларының (бағдарламалардың) және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін жасау;

 

13) агроөнеркәсiптiк кешеннiң ақпараттық-маркетингтiк жүйесiнiң жұмыс iстеуi мен дамуы үшін жағдай жасау;

 

14) ішкі және сыртқы азық-түлiк нарықтарындағы ахуалды зерделеу және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің тиісті ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету;

 

15) агроөнеркәсіптік кешеннің және ауылдық аумақтардың жай-күйi мен дамуы туралы ақпаратты агроөнеркәсіптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамыту мәселелерi жөнiндегі уәкілеттi мемлекеттiк органдарға беру;

 

16) асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімін жүргізеді және басып шығарады;

 

17) бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) әрбір түріне субсидиялауды іске асырады;

 

18) бекітілген нысандар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректердің есебін жүргізеді;

 

19) ірі қара малдың тұқымдары бойынша республикалық палаталардың ұсыныстарын ескере отырып, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiнiң әрбiр түрi және әрбір субъект бойынша субсидиялануға жататын, өткізілетін асыл тұқымдық өнiмнiң (материалдың) жыл сайынғы квотасын көрсетілген мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты шегiнде айқындайды;

 

20) құндылығы жоғары асыл тұқымды малды тиімді пайдалануды ынталандыру мақсатында бағалау туралы деректерді қорытады және оның нәтижелері туралы мүдделі тұлғаларды хабардар етеді;

 

21) асыл тұқымды малдың, оның ішінде тектік қоры шектеулі тұқымдардың тектік қорын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған іс-шараларды субсидиялауды жүзеге асырады;

 

22) астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау;

 

23) табиғи-климаттық жағдайларды және нарық конъюнктурасын ескере отырып, астық өндірісі құрылымын оңтайландыру, астық өндірудің, сақтаудың және өткізудің жаңа озық технологияларын жетілдіру және енгізу;

 

24) бюджеттік бағдарламаларға сәйкес отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге минералдық тыңайтқыштардың, тұқым улағыштар мен гербицидтердің құнын арзандатуды жүзеге асыру;

 

25) ішкі нарықтың мұнай өнімдеріне қажеттіліктерін уақтылы қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қабылдау;

 

26) астық қабылдау кәсіпорындарын:

бекітілген графиктерге сәйкес жаңа егіннің астығын қабылдауға дайындығы тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарын жыл сайынғы тексеруді;

астық қабылдау кәсіпорындарын зерттеп-тексеру актілерін ресімдеуді қамтитын бақылау;

 

27) мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарының астығынан өндірілген ұнның және нан-тоқаш өнімдерінің шекті бағасын айқындау және астықты қайта өңдеу ұйымдарының, нан пісіру ұйымдарының және көтерме-бөлшек сауда ұйымдарының оны сақтауына бақылауды жүзеге асыру;

 

28) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

 

29) уәкілетті органның қарауына элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарының элиталық тұқымдарды өндіру мен өткізу көлемі жөнінде ұсыныстар енгізеді;

 

30) тұқым шаруашылығы субъектілеріне (тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды қоспағанда) тиісті куәлік бере отырып, аттестаттауды жүргізеді;

 

31) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметінің басталғаны туралы хабарлаған байқаудан өткізушілер мен тұқым сарапшыларын есепке алуды жүзеге асырады;

 

32) облыс бойынша тұқымдар баланстарын жасайды;

 

33) ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығы саласындағы қажетті ақпарат беруді қамтамасыз етеді;

 

34) құзыреті шегінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің сақтық және ауыспалы тұқым қорларын қалыптастыруына жәрдемдеседі;

 

35) бастапқы, элиталық тұқым шаруашылығын жүргізу және ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын жаппай көбейту схемалары мен әдістері бойынша ұсыныстар енгізеді;

 

36) сұрыптық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру, сұрыптық егiстіктердi байқаудан өткiзуді, жерге егiп бағалауды, зертханалық сұрыптық сынақтарды, тұқым сапасына сараптама жүргізу тәртібінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

 

37) осы Заңның 6-бабы 1-тармағының 20) тармақшасына сәйкес айқындалатын квоталар шегінде субсидиялауға жататын тұқымдарды өткізудің шекті бағасын белгілейді;

 

38) субсидиялауға жататын тұқымдардың әрбір түрі бойынша жыл сайынғы квоталарды:

тұқым шаруашылығы саласында аттестатталған әрбір субъект үшін - бірегей тұқымдар бойынша;

әрбір әкімшілік-аумақтық бірлік үшін элиталық тұқымдар бойынша келіседі;

 

39) субсидияланған бiрегей және элиталық тұқымдардың мақсатты пайдаланылуын бақылайды;

 

40) байқаудан өткiзушiлер мен тұқым сарапшылары кадрларын даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;

 

41) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi тұқымдарының сұрыптық және егістік сапасына сараптама жүргiзу жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

 

42) тиісті куәлік бере отырып, тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттауды жүргізеді;

 

43) тұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспектордың ұсынысы негізінде:

субъектiнiң тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыруға құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәлігінің қолданысын;

тұқымдардың сұрыптық және егістік сапаларына сараптама жүргiзу жөніндегі қызметті тоқтата тұрады;

 

44) мыналар: 
пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау); 
пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу; 
пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті лицензиялау;

 

45) ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне су жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау жөніндегі іс-шараларды іске асырады;

 

46) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесе отырып, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру;

 

47) ветеринариялық мақсаттағы препараттар өндірісін қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау;

 

48) уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын бекіту;

 

49) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;

 

50) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасына арналған ветеринариялық препараттарды сақтауды, оларды аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру;

 

51) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды, жануарға арналған ветеринариялық паспортты мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру және оларды тасымалдау (жеткізу);

 

52) ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлеріне қажеттілікті айқындау және процессингтік орталыққа ақпарат беру;

 

53) процессингтік орталықтан алынған ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды берушілерге олармен беруге шарттар жасасқанға дейін беруді қамтамасыз ету;

 

54) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын ұйымдастыру және жүргізу;

 

55) ветеринариялық есеп пен есептілікті жүргізу, жинақтау, талдау және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға табыс ету;

 

56) жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасына арналған ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, оларды сақтауды және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру;

 

57) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;

 

58) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;

 

59) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөнiндегі іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру;

 

60) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысу;

 

61) профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту;

 

62) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.

 

Құқықтары мен міндеттері:

 

Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы өз функциясын атқару және негізгі міндеттерін орындауды жүзеге асыру үшін заңнамаларда белгіленген тәртіппен мыналарға:

 

1) Басқарма жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардан қажетті ақпараттар сұратуға және алуға;

 

2) өзінің құзіреті мен өкілеттігі шегінде, мемлекеттік меншікке жататын мүліктерді пайдалануды жүзеге асыруға;

 

3) бюджет есебінен қызмет және тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүргізуге;

 

4) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тұтастай немесе жекелеген операцияларды жүзеге асыру бөлігінде алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұру;

 

5) лицензиялық бақылауды жүзеге асыру.

 

Құрылымдық бөлімшелерге ие емес.

 

Бағынышты ұйымдар:

 

Бірінші басшылар туралы мәлімет:

 

Басқарма басшысы Унгарбеков Марат Кенжетайұлы

 

Басшының орынбасары Қарағойшин Науырызбай Қадырбайұлы

 

Басшының орынбасары бос орын