Мемлекеттік орган туралы жалпы ақпарат

 

1. Пошталық мекен-жайы: БҚО, Орал қ. Қасым Аманжолов к-сі.,75 үй

 

2. Электронды пошта:  Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

3. Анықтама қызметі телефоны: 51-27-42

 

4. Уәкілеттілік сипаттамасы

 

«Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы саласында жергілікті мемлекеттік басқару қызметін жүзеге асыруға уәкілетті атқарушы орган болып табылады.

 

5. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, облыс әкімдігінің қаулыларына, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

 

6. Мемлекеттік органның нышандары (бар болған жағдайда): жоқ

 

7. Мемлекеттік органның құрылуы туралы тарихи анықтама:

 

7.1.Орал облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы атауы Қазақстан Компартиясының ОК және Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1985 жылғы 2 желтоқсандағы №432 қаулысы негізінде Орал облыстық Агроөнеркәсіп комитеті болып өзгертілді.

 

7.2. Агроөнеркәсіп комитеті Орал облыстық халық депутаттары Кеңесінің атқарушы комитетінің 31 шілде 1991 ж №251 шешімімен Орал облыстық ауыл шаруашылығы және азық-түлік басқармасы болып қайта құрылды.

 

7.3. Орал облыстық ауыл шаруашылығы және азық-түлік басқармасы Облыстық кеңестің 1992 жылғы сәуір айындағы 8-ші сессиясының шешімімен Орал облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы болып қайта құрылды.

 

7.4. Орал облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы ҚР Жоғарғы кеңесі Президиумының 06.07.1992ж №1558-ХІІ Қаулысы негізінде Батыс-Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы болып қайта құрылды.

 

7.5. Батыс-Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы БҚО әкімдігінің 1998 жылғы 26 мамырдағы №75 шешімімен Батыс-Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы департаменті болып қайта құрылды.

 

7.6. Батыс-Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы департаменті БҚО әкімдігінің 31.12.2004 жылғы №360 қаулысымен «Батыс-Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы департаменті» ММ-сі болып атауы өзгертілді

 

7.7. «Батыс-Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы департаменті» ММ-сі БҚО әкімдігінің 16.04.2008 жылғы №111 қаулысымен «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ-сі болып өзертілді.