Нормативтік құқықтық актілер

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулы жобасы

 

Асыл тұқымды мал шаруашылығын

дамытуды және мал шаруашылығы

өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын

арттыруды субсидиялау

бағыттары бойынша субсидиялар

көлемдерін бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің 2014 жылғы 19 қарашадағы №3-1/600 бұйрығына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері бекітілсін.

2. Қоса беріліп отырған:

1) Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуге арналған бюджеттік субсидиялар нормативі;

2) жеткізушілерге қойылатын өлшемдер мен талаптар бекітілсін.

3. «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі және аудандар мен Орал қаласының әкімдері осы қаулыны жүзеге асыру жөніндегі қажетті шараларды алсын.

4. 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 43 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуі тізілімінде №3492 тіркелген, 2014 жылғы 10 сәуірдегі «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінде жарияланған), 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 93 «Мал шаруашылығы саласындағы субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы» (Нормативтік құқықтық құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуі тізілімінде №3539 тіркелген, 2014 жылғы 12 маусымдағы «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінде жарияланған) облыс әкімдігі қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

5. «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (М.К.Оңғарбеков) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

6.Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.К.Өтеғұловқа жүктелсін.

7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Облыс әкімі Н.Ноғаев

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрі

_____________А.С.Мамытбеков

«____» ____________2015 ж.

2015 жылғы «_____» _______№ ____

Батыс Қазақстан облысы

әкімдігінің қаулысына

1-қосымша

 

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері

 

Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге

Субсидия көлемі

Субсидия сомасы,

мың теңге

 

Етті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығы

     

1.

Асыл тұқымды және селекциялық жұмысты жүргізу

     

1)

тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара малдың аналық мал басы

бас

18000

26723

481014

 

2)

асыл тұқымды ірі қара малдың аналық мал басы

бас

20000

6000

120000

 

3)

жалпы табындарда етті бағыттағы тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу

бас

104000

61

6344

 

2.

Асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды сатып алу

 

1)

отандық асыл тұқымды ірі қара мал

бас

154000

1200

184800

 

2)

импортталған асыл тұқымды ірі қара мал (Австралиядан, Америка Құрама Штаттарынан және Канададан)

бас

200000

124

24800

 

3)

импортталған селекциялық ірі қара мал (Ресейден, Белоруссиядан және Украинадан әкелінген асыл тұқымды малды қоса есептегенде)

бас

118000

350

41300

 

3.

Сиыр етін өндіру үшін мал азығы құнын арзандату:

4066,6

710700

 

1)

1-деңгей

кг

300

1520,2

456060

 

2)

3-деңгей

кг

100

2546,4

254640

 

4.

Бірінші субсидиялау деңгейдегі бордақылау алаңдарына өткізілген бұқашықтарды субсидияландыру

бас

24000

3289

78945

 
 

Барлық сомасы

1647903

 

Сүтті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығы

     

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты жүргізу

     

1)

асыл тұқымды ірі қара малдың аналық мал басы

бас

20000

1100

22000

 

2.

Асыл тұқымды ірі қара малды сатып алу

     

1)

импортталған асыл тұқымды ірі қара мал (Ресейден, Белоруссиядан және Украинадан)

бас

118000

100

11800

 

3.

Сүт өндіру үшін мал азығы құнын арзандату:

2700

55500

 

1)

1-деңгей

кг

25

1500

37500

 

2)

2-деңгей

кг

15

1200

18000

 
 

Барлық сомасы

89300

 

Жұмыртқа бағыттағы құс шаруашылығы

     

1.

Тағамдық жұмыртқа өндіру үшін азық құнын арзандату:

 

1)

2-деңгей

дана

2,6

102002

265205

 
 

Барлық сомасы

265205

 

Шошқа шаруашылығы

     

1.

Шошқа етін өндіруге арналған азық құнын арзандату

кг

98

1000

98000

 
 

Барлық сомасы

98000

 

Қой шаруашылығы

     

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу

34998

52497

 

1)

Тұқымдық түрлендірумен қамтылған аналық қой басы

бас

1500

19998

29997

 

2)

Асыл тұқымдық зауыттар мен шаруашылықтардағы асыл тұқымдық аналық қой басы

бас

1500

15000

22500

 

2.

Асыл тұқымды тоқтылар мен тұсақтарды сатып алу

бас

8 000

1500

12000

 

3.

биязы жүн өндіру үшін азық құнын арзандату

кг

130

5,4

702

 
 

Барлық сомасы

65199

 

Жылқы шаруашылығы

     

1.

Асыл тұқымды жылқыларды сатып алу

бас

40000

114

4560

 

2.

Қымыз өндіру үшін азық құнын арзандату

кг

60

83

4980

 
 

Барлық сомасы

     

9540

 

Түйе шаруашылығы

     

1.

Шұбат өндіру үшін азық құнын арзандату

кг

55

3

165

 
 

Барлық сомасы

 

165

 
 

Барлығы:

     

2175312

 

Ескерту: аббревиатураның толық жазылуы

кг - килограмм.

 

 

2015 жылғы «_____» _______№ ____

Батыс Қазақстан облысы

әкімдігінің қаулысына

2-қосымша

 

Жеке қосалқы шаруашылықтардағы
ірі қара малдың аналық мал басын қолдан
ұрықтандыруды ұйымдастыру жөніндегі
шығындарды 100 %-ға дейін өтеуге арналған
бюджеттік субсидиялар
нормативі

 

Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге

 

Ірі қара мал шаруашылығы

   

1

Жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың аналық мал басын
қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру

бас

2695,6

 

Жеткізушілерге қойылатын
өлшемдер мен талаптар

 

Субсидиялау бағыттары

Өлшемдер мен талаптар

1.

Жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру

1. Жеке қосалқы шаруашылықтардағы
ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсету жөніндегі шарттың түпнұсқасы мен көшірмесінің болуы;

 

2. Жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың бір аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсету жөніндегі шығындарды есептеу-анықтамасының болуы;

 

3. Ұрықтандырылған ірі қара малдың аналық басына ұрықтандыру актісінің және тексеру жүргізу актісінің түпнұсқалары мен көшірмелерінің болуы;

 

4. Отандық асылдандыру орталығынан (асылдандыру орталықтарын есепке алмағанда) ұрықты сатып алуға шарттың түпнұсқасы мен көшірмесінің болуы;

 

2015 жылғы «___» _______ № ___

Батыс Қазақстан облысы

әкімдігінің қаулысына

3-қосымша

 

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің

бұзылды деп танылған кейбір қаулыларының тізімі

1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» 2014 жылғы 1 сәуірдегі №43 қаулысы бұзылды деп танылсын.

2. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Мал шаруашылығы саласындағы субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы» 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 93 қаулысы бұзылды деп танылсын.

Скачать: Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 900 қаулысы

Скачать: Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы 
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 қаңтарда № 10087 тіркелді