2018 жылдың 1 ақпаны күні БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының акт залында «БҚО күрделі топырақ-климаттық және фитосанитарлық жағдайында картоп өсіру» атты семинар кеңесі өткізілді.

Семинар жұмысына БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкерлері, аудандық, қалалық ауыл шаруашылығы бөлімдерінің басшылары мен мамандары, Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының ғылыми және іскер топтарының өкілдері, облыстың шаруашылық құрылымдарының өкілдері және «Орал ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС ғалымдары қатысты.

Семинар барысында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге Батыс Қазақстан облысы жағдайында картоп өнімділігі мен сапасын арттыру үшін жаңа тәсілдер мен технологиялары, шөлейт аймақтарға бейімделген заманауи өнімділігі жоғары және сапалы картоп тұқымы, көкөніс дақылдары мен картопты қорғау бойынша іс-шаралар бойынша сұрақтар және тыңайтқыштарды енгізу мен өнімді сапалы сақтау мәселелері талқыланды.

Облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері картоп және көкөніс өсірудегі өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинар барысында қатысушылар  бір-бірімен тәжірибе алмасып, облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер сұрақтарына жауаптар берілді.

Семинардың екінші бөлігінде облыс шаруашылықтарына ауыл шаруашылығы саласындағы сандық технологиялардың мүмкіндіктері таныстырылды.