«Тыңайтқыштарды субсидиялау процесіне қатысатын тұлғаларды автоматтандырылған жүйеге оқыту, үйрету бойынша» семинар кеңесі туралы

2018 жылдың 25 қаңтары күні облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының акт залында «Тыңайтқыштарды субсидиялау процесіне қатысатын тұлғаларды автоматтандырылған жүйеге оқыту, үйрету бойынша» семинар кеңесі семинар кеңесі өткізілді. Шараны ұйымдастырушылар облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мен «Ақпараттық есептеу орталығы» АҚ.

Семинарға облыстық ауыл шаруашылығы басқармасынан жауапты тұлғалар мен аудандық, қалалық ауыл шаруашылығы бөлімдерінің мамандары, «Ақпараттық есептеу орталығы» АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша бөлімшесінің басшысы мен қызметкерлері, отандық тыңайтқыш өндіруші «КазАзот» АҚ мен «Казфосфат» ЖШС өкілдері, шаруашылық жетекшілері (өкілдері) қатысты.

Шара барысында тыңайтқыштарды субсидиялау процесінің автоматтандырылуы, жүйеге қалай тіркеліп, одан әрі жұмыс істеу, өтінімдерді тапсыру жолдары презентация арқылы көрсетіліп, таныстырылды. Семинарға қатысушы мамандар, шаруашылық жетекшілері тарапынан «Ақпараттық есептеу орталығы» АҚ-ның мамандарына бір қатар сұрақтар қойылып, талқыланып, тиісті жауаптар алынды.

«Ақпараттық есептеу орталығы» АҚ-ның қызметкерлері шаруашылық құрылымдарына енгізілген жаңашылыдықтарға қатысты еш алаңдамаудың, сұрақтар туындаған жағдайда қызметкерлер тарапынан барлық көмектің көрсетілетінін жеткізді.

Семинардың негізгі бөлімі аяқталғаннан кейін шаруашылық құрылымдары отандық өндіріс тыңайтқыштарын сатып алу үшін зауыт өкілдерімен шарт жасасу жұмыстарын жүргізді.