Жаңалықтар

2018 жылдың 1 ақпаны күні БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының акт залында «БҚО күрделі топырақ-климаттық және фитосанитарлық жағдайында картоп өсіру» атты семинар кеңесі өткізілді.

«Тыңайтқыштарды субсидиялау процесіне қатысатын тұлғаларды автоматтандырылған жүйеге оқыту, үйрету бойынша» семинар кеңесі туралы

2018 жылдың 25 қаңтары күні облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының акт залында «Тыңайтқыштарды субсидиялау процесіне қатысатын тұлғаларды автоматтандырылған жүйеге оқыту, үйрету бойынша» семинар кеңесі семинар кеңесі өткізілді. Шараны ұйымдастырушылар облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мен «Ақпараттық есептеу орталығы» АҚ.

«Продкорпорация» АҚ-ның жаңа Процедурасына сәйкес 2018 жылдың 25 қаңтардан бастап бидайды сатып алуға өтініш берудің жаңа механизімі іске қосылды. АШТӨ өтініште бидайдың көлемі мен егіс алқаптарын өздері көрсетеді.

2017  жылы 27 желтоқсанда БҚО ауыл шаруашылығы басқармасында  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңының сақталуына қатысты басқарма қызметкерлерімен отырыс өткізілді.
Отырыс барысында Заңсыз сыйлықтар алу туралы  және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңының негіздері талқыланды.

Орал қаласында 2017 жылдың 23 желтоқсан күні сағ. 900 - ден 1300 дейін Ықсанов көшесінің бойында Жаңа жылдық азық-түлік тауарларының кеңейтілген жәрмеңкесі өткізілді.